- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Офицерлер жиналысы – ІІО-ның беделін сақтауға және нығайтуға, орта және аға басшы құрам қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтуға, кәсіби және рухани-адамгершілік тәрбиесінде басшыларға көмек көрсетуге, оларға моральдық, кәсіби және психологиялық қолдау көрсетуге арналған ұжымдық қызметтің тұрақты жұмыс істейтін органы.
Офицерлер жиналысының төрағасы институт бастығынының орынбасары полиция полковнигі Сүлейменов Такежан Есентаевич.
Төраға, оның орынбасары, сондай-ақ офицерлер жиналысының мүшелері офицерлердің жалпы жиналысында құқық қорғау қызметінде кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, лайықты беделге ие және ұжымда жағымды жағымен сипатталатын, жоғары моральдық-адамгершілік және кәсіби қасиеттері бар ІІО қызметкерлерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының офицерлер жиналысында төмендегі сұрақтар қаралады:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 02 қаңтардағы №81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын жеткізіледі.
2. Қазақстан Республикасы ІІМ-нен келіп түскен хаттар, ұсыныстар, материалдық көмек сұрау туралы өтініштер қаралады.
3. Институт қызметкерлерінің жеке мәселелері бойынша түскен баянаттары, хаттары, материалдық көмек сұрау туралы өтініштері қаралады.
4. Институт қызметкерлері арасында әскери-қызметтік тәртіпті бұзу фактілері бойынша түскен материалдар қаралады.
5. Институт қызметкерлерін құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімдері өткізіледі.