14.05.2025



Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлері арасында атыс жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, әскери-патриоттық рухты нығайту және офицерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.Жарысқа әртүрлі бөлімшелерден офицерлер қатысып, мергендік пен дәлдікте өзара бақ сынасты. Қатысушыларға қысқа және орта қашықтықта нысана көздеу тапсырмалары беріліп, жарыс әділ бағаланды.






