Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Хабарландыру

6.07.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

030011, Ақтөбе қаласы, Курсанттар тасжолы 1, тел: 8(7132) 74-31-83, 74-31-76

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институты келесі бос лауазымдарға конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

  1. Жоспарлау және бақылау бөлімінің инспекторы (1 бірлік);
  2. Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы (1 бірлік);
  3. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы (2 бірлік);
  4. Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы (1 бірлік).
  5. Оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімінің инженері (1 бірлік);
  6. Оқу-саптық бөлінісінің взвод командирі (1 бірлік).

Жоғарыдағы көрсетілген орта басшы құрамының лауазымдарына қойылатын талаптар: Білімі жоғары мамандығы және квалификация бойынша білімді, компьютерді пайдалана білуі, бойы 170 см төмен емес, 35 жастан аспауы, әскери қызметтен немесе әскери дайындықтан өткен (ер адамға). Өзінің жеке басы, моральдық, іскерлік, кәсіби ерекшілігі, денсаулығы және дене дамуы жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті болуы. Өзінің болашақ ІІО-дағы қызметін саналықпен түсінуі.

  1. Бақылау-өткізу пунктінің бақылаушысы (2 бірлік);
  2. Оқу-саптық бөлімшесінің курс старшинасы (1 бірлік).

Жоғарыдағы көрсетілген кіші басшы құрамының лауазымдарына қойылатын талаптар: Білімі орта мамандығы және квалификация бойынша білімді, компьютерді пайдалана білуі, бойы 175 см төмен емес, 35 жастан аспауы, әскери қызметтен немесе әскери дайындықтан өткен (ер адамға). Өзінің жеке басы, моральдық, іскерлік, кәсіби ерекшілігі, денсаулығы және дене дамуы жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті болуы. Өзінің болашақ ІІО-дағы қызметін саналы түрде түсінуі.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 04 – 17 шілде аралығында күн сайын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінде жүзеге асырылады.