2.11.2022
2022 жылғы 31 қазан 5 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында ювеналды полиция қызметкерлерін өқыту ұйымдастырды. ІІО Әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция майоры В.Хасановаға консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 1 қарашада практикалық сабақ өткізуге Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының бас сарапшысы Ә.Хасенова тартылды. Сабақ барысында Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру мәселелері, сараптамалардың жекелеген түрлерін жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы мәселелері қозғалды.









