Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Облыстық «Мен  – мемлекеттік қызметшімін!» байқауы өкізілді

17.06.2023

16 маусымда Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жергілікті мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Мен – мемлекеттік қызметшімін!» облыстық тілдік іс-шара өткізілді.

Байқауға қатысып, «Өзін-өзі таныстыру», «Тарих тағылымында», «Терминдерді білеміз бе?», «Ойтолғау» кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындады.

Қорытындысында, институтымыздан қатысқан идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Б.Айсұлтан жүлделі III орынды иеленіп, дипломмен, жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Г. Симанова алғысхатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.