Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Облыстық күш құрылымдар арасындағы самбо күресінен жарысы

27.07.2019

2019 жылдың 26 шілдесінде «Жекпе-жек» спорт залында «Марш памяти» атты акция шеңберінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін құру жылдарында қызметтік борышың атқарып, мерт болған Ұлттық Ұлан мен азаматтық қорғаныс, ішкі істер органдары қызметкерлерімен жауынгерлерін еске алуға арналған самбо күресінен Ақтөбе облысының Полиция департаментінің чемпионаты өткізілді.

Жарысқа 20 команда және 130 спортшы қатысты. Чемпионат 8 салмақ дәрежесі бойынша самбо күресінің ережесімен ресми түрде өткізілді. Аталған жарыста іріктелген спортшылар, Талдықорған қаласында өткізілетін Қазақстан чемпионатының күш құрылымдары арасындағы жарысқа қатысады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасынан арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушысы Дұрысбай Ернар 57 кг салмақ дәрежесі бойынша қатысып, 2- орында  ие болды.

Жарысқа қатысушылар грамотамен, медальмен және кубокпен марапатталды.

Қазақстан Республикасы

ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Ж.Қ. Қаирбаев