17.04.2022
Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде ведомствалық оқу орындарының оқытушыларымен “Қазіргі білім: әдістеме, тенденциялар, технологиялар”
тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.
Ведомстволық оқу орындарының оқытушылары қатысқан жиынға институтымыздан ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С.Г. Назарбаева жалпы заң пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Г.Т. Симанова және Оқу әдістемелік орталығы қашықтан оқыту тобының оқытушы-әдіскері полиция лейтенанты М.Култенова қатысып біліктілік деңгейлерін жетілдірді.
Курс кезінде жаңа теориялық білім беруге, қызметтік міндеттерді шешуге қажетті дағдыларды дамытуға мән берілді.










