Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Оқу процесіне тәжірибелі қызметкерлерді тарту

19.11.2020

2020 жылдың 18 қарашасында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы кәсіби дайындық факультеті 3 курс курсанттарының оқу процесіне практикалық қызметкерлерді тартуды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнінің шеңберінде шақырылған Ақтөбе облысы полиция департаментінің жол-көлік оқиғалары бойынша тергеубөлімінің бастығы полиция подполковнигі Сергей Владимирович Ефременко және Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 ҚПБ аға тергеушісі полиция майоры Гафур Рамазанұлы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру мәселелерін, іс жүргізу тәртібін, оның басталуының, жүргізілуінің, тоқтатылуының, аяқталуының және қайта басталуының жалпы шарттары мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі ашты.

С.В.Ефременко мен Г.Рамазанұлы өз кезегінде көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп,күрделі қылмыстық істерді ашу мысалдарын келтіріп, жол-көлік оқиғаларын тергеудег іерекшеліктерге назар аударды.

Іс-шара соңында шақырылған қонақтар курсанттардың сұрақтарына жауап берді.