22.10.2021
2021 жылдың 22 қазанында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Р.Б. Молдыбаева жоспарға сәйкес алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына Ақтөбе облысының ПД ЖКБ бас криминалистері полиция подполковнигі А.М. Мурзагалиевтің және полиция подполковнигі Е.Н.Тлегеновтің қатысуымен «Криминалистика» пәнінен «Оқиға болған жерді қарау тактикасы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында тәжірибелік қызметкерлермен Ақтөбе облысы ПД жедел – криминалистикалық қызметінің міндеттері баяндалып, тергеуді жоспарлап, криминалистикалық нұсқауларды құру және тексеру қағидалары, қылмысты ашу және тергеудегі инновациялық криминалистикалық өнімдер, тергеу әрекеттерінің түрлері және жүргізу әдістемелері, оқиға болған жерді қарау тактикасы егжей-тегжей түсіндірілді.
Тыңдаушылардың жеке назары сотқа дейінгі тергеп – тексеру кезіндегі криминалистикалық сараптама тағайындауға аударылды.











