Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Меморандум

24.09.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы (Шымкент қаласы) ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуге, тәжірибе алмасуға, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалануға және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша ортақ іс-шаралар ұйымдастыруға келісті.
Аталған ынтымақтастық ішкі істер органдары қызметкерлерінің дайындығын жаңа деңгейге көтеріп, олардың заманауи талаптарға сай болуына ықпал ететін болады. Бұл меморандум Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.