Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Мемлекеттік тілді оқыту курсының сабақтары аяқталды.

20.12.2023

2023 жылғы 19 қазан мен 19 желтоқсан аралығында институт қызметкерлеріне ұйымдастырылған А2-базалық деңгей бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсының сабақтары аяқталып, курсқа қатысқан 18 қызметкер қорытынды сынақтарын сәтті тапсырып, сертификатталды. Сабақтарды «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ маманы Ж. Умарова жүргізді.
Қызметкерлер ары қарай тілдік білімдерін арттырып, қазақ тілінің қызметтегі қолданысын кеңейтуге өз үлестерін қосатындығына сенім білдіреміз.