26.03.2022
«Болашаққа қазақ тілімен» іс-шаралар акциясының жоспарын орындау мақсатында 2022 жылғы 26 наурызда ІІО ӘҚ кафедрасы алғашқы кәсіби дайындық курсының 12 взводының тыңдаушылары үшін «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталмыш шара ана тілінің қадір-қасиетіне мән беріп, сөз құдыретін және оның адам өміріндегі маңызын түсіну, білім алушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Кафедра оқытушысы полиция подполковнигі С.Назарбаева дөңгелек үстел барысында институт тыңдаушыларына қазақ тілінің қоғамдағы рөліне баса мән беру және қолданыс аясын кеңейту сонау Алаш зиялыларынан бастап айтылып, жазылып келе жатқан өзекті мәселе екендігіне тоқталды.








