Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш

4.06.2025

Бүгін, 4 маусым – әрбір қазақстандық үшін ерекше мәні бар күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
Біздің Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – бұл жәй белгілер емес, олар – бабаларымыздың арманы, бүгінгі жетістігіміз және болашаққа деген ұмтылысымыздың жарқын көрінісі. Олар біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және халқымыздың рухының символы.
Біздің институт ұжымы мен студенттері осы киелі рәміздерді қастерлеп, отансүйгіштік рухта тәрбие беруді басты міндетіміз санаймыз.
Осы мереке күні әрбір азамат өз елінің рәміздерін қастерлеп, оны мақтан тұтуы тиіс. Бұл – біздің ортақ құндылығымыз, болашаққа жетелейтін рухани күшіміз.
Мереке құтты болсын! Еліміздің гүлденуі мен өркендеуі жолындағы еңбегіміз жемісті болсын!