22.11.2023
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Мемлекет және дін қатынастары – шетелдік тәжірибе және Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде» тақырыбындағы семинар аясында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы, сондай-ақ біліктілікті арттыру және алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі аспектілерімен танысып, сондай-ақ еліміздегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды талқылады.
Іс-шара Zoom платформасын қолдана отырып онлайн форматта өтті. Спикер ретінде семинарға заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламент Мәжілісі Аппаратының қызметкері, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын әзірлеушілердің бірі Ж. Н. Онлашева шақырылды. Жанна Онлашқызы өз сөзінде ҚР-дағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласындағы шетелдік тәжірибе мен негізгі сын-пікірлерді, өткен онжылдықтың басынан бастап Қазақстанда жанданған және террористік актілер жасау арқылы мемлекетпен қақтығыстың жаңа кезеңіне өткен діни экстремизм мен терроризм көріністерінің проблемаларын атап өтті. Сондай-ақ, талқылау шеңберінде заңнамалық базаны жетілдіру, көптеген мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде осы мәселелерді шешуге уәкілеттік берілген мемлекеттік және қоғамдық органдарды құру жолымен осындай көріністерге қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша мысалдар келтірілді.