Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу

17.09.2020

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Ф.Оңғарсынова атындағы №41мектеп-гимназиясының мұғалімдер ұжымына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан  халқына Жолдауын   түсіндіру бойынша onlain түрінде  zoom  бағдарламасының платформасымен  кездесу өткізілді.

Кездесуде Жолдаудың барлық бағыттары слайд түрінде көрсетіліп, түсіндірілді. Әсіресе жолдаудың  «Қолжетімді әрі сапалы білім» атты бесінші бағыты бойынша білім саласындағы басты мәселелелер айтылды. Ұстаздар қауымы «2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейуі және жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретіндігі. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетіндігі» қуантарлық жағдай деп,  оң пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында кафедра ұжымы Перзидентіміздің «Қазір еліміз күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп отыр. Осындай сын-сағаттарда елдің жұмылған жұдырық болуы тиіс» деген сөзімен қорытындылап, барлық ұстаздар қауымын мемлекет басшысының Жолдауын орындауға  ат салысуға шақырды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                               

Р.Н.Джигитова