2.09.2024
Бүгін институттың жеке және ауыспалы құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдің болашағына деген сенімнің көрсеткіші. Бұл бастамалар біздің мемлекетіміздің болашағын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Жолдауда тоқталып өткен негізгі басым бағыттар елдің әл-ауқатын арттыруға және тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.