22.04.2021
Қазіргі таңда білім алушылардың белсенді қызметі мен бастамасын көздейтін оқытудың инновациялық нысандарын іздеуге көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Педагогикалық шеберлік мектебі аясында онлайн форматта білім алушыларға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1-ші институтының жедел-тергеу жұмысы кафедрасының доценті, РhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), әділет кеңесшісі Медиев Ренат Амангелдіұлымен «Арнайы заң пәндерін оқыту кезінде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында шебер-класс өткізілді . Оның мақсаты әріптестерге жеке кәсіби тәжірибесін, шебердің педагогикалық қызметі саласындағы бірегей авторлық әзірлемелерді беру болып табылады, онда қашықтан білім беру технологиялары бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында оқытушының жеке стилі қалыптасады.
Мастер-класс институттың профессорлық-оқытушылық құрамының үлкен қызығушылығын тудырды және көптеген оң кері байланыс алды.
БСМжББб, ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Ш.У. Смагулова









