9.01.2024
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі.
Осы орайда, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері полиция полковнигі М.Б Алгожаев, полиция полковнигі М.М Ешманов және полиция подполковнигі А.А Салимов Алматы облысының мектеп бітіруші жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізуде.
Жастармен кездесу барысында оқуға түсу үшін қандай құжаттар дайындаумен қатар қалай жүзеге асырылатындығы жайлы да мәлеметтер таратылып, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілуде.