Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev


Ішкі істер органдарының тұрақты және ауыспалы құрамының қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу

23.09.2025

2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығы орынбасарының қатысуымен инспектор-психологтар «Ішкі істер органдарының тұрақты және ауыспалы құрамының қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырыста өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді.

Әскери ант

20.09.2025

Әскери ант – бұл курсанттардың Отанға, халыққа және конституциялық құрылысқа адал болуға берген анты. Ол жас сарбаздардың әскери қызметке кірісуін және олардың жауынгерлік борышты орындауға дайындығын білдіреді.Бүгін салтанатты іс-шара барысында курсанттар өздерінің басшыларының, ардагерлердің, ата-аналарының және құрметті қонақтардың алдында сапқа тұрып, Қазақстан Республикасына қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.