Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

М.Дулатұлы атындағы N63 мектеп-лицейінде “Жас сақшы” полицей сыныбында оқуды ұйымдастыру мен оның артықшылықтарына арналған кадеттермен және олардың ата-аналарымен жиын ұйымдастырылды.

20.10.2024

М.Дулатұлы атындағы N63 мектеп-лицейінде “Жас сақшы” полицей сыныбында оқуды ұйымдастыру мен оның артықшылықтарына арналған кадеттермен және олардың ата-аналарымен жиын ұйымдастырылды.

Жиында институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Қайнар полицей сыныбында оқыту өскелең ұрпақтың бойында азаматтық, отансүйгіштік және ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби қызығушылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға және полиция қызметіне қызығушылықтарын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ жиында институтта кадеттер үшін дзюдо, жауынгерлік самбо, қазақ күресінен тұратын спорт секциялары ұйымдастырылғаны айтылды.

Кездесу соңында ІІМ оқу орындарына қабылдау талаптары егжей-тегжейлі баяндалып, қатысушыларға ІІМ ведомстволық ЖОО-да оқудың келешегі мен мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектескен кәсіби бағдардың бейнероликтері көрсетілді.

Жассақшы#кадет

айтылдыорындалды