9.05.2025



Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбедегі Даңқ обелискі “Мәңгілік алау” мемориалында дәстүр бойынша мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарының гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен курсанттары қатысып, жауынгерлер рухына тағзым етті.






