Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Курсанттардың кәсіби даярлығының қарқынды жағдайында күйзеліске төзімділік пен эмоциялық зияткерлікті дамыту мәселелері

15.08.2025

Институтта «Курсанттардың кәсіби даярлығының қарқынды жағдайында күйзеліске төзімділік пен эмоциялық зияткерлікті дамыту мәселелері» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Internationl Academy of Emotional Intelligence» ЖШС директоры, Ericson International кәсіби коучы А.Муратова; ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері: педагогика ғылымының докторы, профессор Н.Ким мен полиция подполковнигі А.Манатова; Павлодар қаласының ПБ ЖҚЖЖБ аға инспектор-психологі полиция майоры Д.Жумабек; Қостанай облысы ПД ерекше тапсырмалар бойынша инспектор-психологі полиция подполковнигі А.Ибраева; Алматы қаласы ПД ерекше тапсырмалар бойынша инспектор-психологі Г.Бекмуратова; Қызылорда қаласының ПБ ЖҚЖЖБ инспектор-психологі полиция майоры Г.Ахбенбетова; Психолог-практик В.Кабанов; ҚР ІІМ оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы полиция майоры И.Жамбулова; Ақтөбе қаласы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспектор-психологы полиция майоры О.Хаецкая; ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖҚЖЖБ аға инспектор-психологтары: полиция капитаны М.Исламгалеева мен полиция капитаны А.Бердіғалиева қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, курсанттардың эмоциялық интеллектін дамытудағы психологиялық даярлықтың маңыздылығы мен күйзеліске толы жағдайларда бейімделу мен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетін психологиялық әдістер талқыланды.