Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Курсанттардың, білім беру ұйымдары студенттерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби және дене дайындығын арттыру

10.10.2022

2022 жылғы 7 қазанда Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Шығыс Сібір институты «Курсанттардың, білім беру ұйымдары студенттерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби және дене дайындығын арттыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Көптеген мемлекеттердің – Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстанның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Қайырбаев Ж.Қ. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық ұйымдарының курсанттарын даярлау жүйесіне жеңіл атлетиканы енгізу» тақырыбында баяндама жасады.