Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ШЕҢБЕРІНДЕ ИНСТИТУТ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ “АЯЛА” ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА  БАРДЫ 

26.11.2023

2023 жылғы 26 қарашада кураторлық сағат шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 6 взводының тыңдаушылары “АЯЛА” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына  барды.

Институт тыңдаушылары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауды, олардың өзін-өзі бағалауын арттыруды, шығармашылық әлеуетін ашуды, сондай-ақ балаларға жылулық пен қуаныш сыйлауды мақсат етті.

Іс-шара бағдарламасына жүлделері бар балалар конкурстары, фототүсірілім, концерт және ойындар кірді. Тыңдаушылар осы күні шын жүректен қуанып, көңіл көтерген балалардың кішкентай жүректерін жылыта алды.

Тыңдаушылар өткізген қайырымдылық шаралары патриотизм, мейірімділік, жетімдерге жанашырлық сезімін және көптеген игі істер жасауға деген ұмтылыс тудырды.

Тыңдаушылар жетім балаларға барғанда ең бастысы – балаларға тәттілер мен сыйлықтар маңызды емес, оларға қарым-қатынас пен көңіл бөлу маңызды екенін түсінді. Кездесу балалар үшін де, институт тыңдаушылары үшін де жағымды эмоцияларға толы болды.