2.10.2021
1 қазанда Қарттар күні және Ұстаздар күні мерекелеріне орай институт қабырғасында салтанатты шара өткізілді. Институт бастығының міндетін атқарушысы полиция полковнигі А.Б.Байсултанов ІІО ардагерлерін және профессорлық-оқытушылық құрамды атаулы мерекелермен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік бұйрық жария етіліп, оқу орынның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан институттың ардагерлері алғыс хаттармен, жетістікке жеткен оқытушылар грамоталармен марапатталды.
Аталған шарада институттың профессорлық оқытушылар құрамы арасында оқу-әдістемелік жұмысының деңгейін көтеру, қолайлы жағдай туғызу жолымен профессорлық оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетінің белсенділігін арттыру және оқытушылардың әрі қарай кәсіби дамуын көтеру мақсатында 2020-2021 оқу жылында өткізілген “Институттың үздік оқытушысы” сайысының қорытындысы жарияланып, институттың келесі үздік оқытушылары грамоталармен марапатталды:
1 орын
– полиция полковнигі Саханова Нелли Талаповна, қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы;
– полиция полковнигі Есмамбетова Жанат Минбаевна, кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының бастығы;
– полиция подполковнигі Ибраева Айгуль Касымбековна, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы;
2 орын
– полиция подполковнигі Махмутов Амангали Сугирович, ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры;
– полиция полковнигі Маланьина Людмила Сергеевна, ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті;
– полиция подполковнигі Нұрыш Зина Зинелқызы, жалпы заң пәндері кафедрасының доценті;
3 орын
– полиция подполковнигі Церковнова Елена Андреевна, қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;
– полиция подполковнигі Салимов Алмат Абатович, кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы;
– полиция капитаны Каирбаев Жарас Каирбаевич, дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.









