Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«КАФЕДРА КҮНІ» ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

17.02.2024

Білім берудің ең өзекті мәселесі – жас мамандарға патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру, құнды қасиеттерге ие болу. Осы орайда 2023 жылғы 16 ақпанда жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен тыңдаушылардың санасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру  және тәрбиелеу мақсатында «Жалпы заң пәндері кафедрасының күні» «Ер есімі ел есінде» тақырыбында аталып өтілді. Іс-шараға кафедра бастығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, кафедра құрылған кезден бастап, бүгінге дейінгі уақытқа бейне шолу жасалып, кафедраның тыныс-тіршілігі туралы айтылды.

Шараны өткізудегі мақсат: Кеңес одағының батыры, өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар Малкеждар Бөкенбаевтың ерлігін үлгі ету, жастардың рухын көтеру.

Тыңдаушыларға Малкеждар Бөкенбаевтың өмір жолын, соғыстағы ерліктерін, сондай-ақ соғыстан кейінгі ішкі істер органдарындағы қызметі туралы айтылып, видеоролик көрсетілді. Шара соңында тыңдаушылар патриоттық және ұлттық әуендерді тамаша орындап, ерекше көңіл күймен тарқасты.