11.10.2025



2025 жылдың 06 – 11 қазан аралығында КПД жолаушылар пойыздарына ілесіп жүретін батальон қызметінің инспекторларына «Көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Курс барысында қызметкерлер көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу үшін қажетті кәсіби білім мен дағдыларды меңгерді. Курс сонында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.






