Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Көліктегі полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары

22.02.2021

      2021 жылдың 15-20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетімен онлайн режимде Көліктегі полиция департаменті бөлімдері мен бөлімшелерінің орынбасарларының біліктілігін арттыру курсы өтуде.

     Сабақ барысында полиция қызметкерлері көлік объектілерінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін талқылап, яғни, әкімшілік қызметің нысандары мен әдістерін, көлік кешені объектілерінде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимылды, сондай-ақ, терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету шараларын, көлік объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқару ерекшеліктерін зерделеп, сонымен қатар,  терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте психологиялық қарсы тұруы мәселесі талқыланды.

БАж КҚД факультетінің бастығы

полиция майоры                                                                              

Е.Қ.Балымов