Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Кәсіби даярлық факультетінің бітіруші курс курсанттарымен жиналыс

27.11.2021

2021 жылғы 26 қарашада институт бастығы полиция полковнигі Алтай Бисенович Байсултановтың төрағалығымен кәсіби даярлық факультетінің бітіруші курс курсанттарымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында институт бастығы курсанттарға қызметтік тәртіпті, қызметтік нысанды кию қағидаларын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін қатаң сақтау туралы еске салып, алдағы өндірістік практикадан өту алдында нұсқаулықтарды зерделеу қажеттігі туралы, практика кезінде өзінің функционалдық міндеттерін нақты орындау және заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау туралы ескертті. Жиналысқа институт бастығының орынбасары полиция майоры Ерлан Куанышович Балымов және кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Аслан Жолашевич Сейтенов қатысты. Институт бастығының орынбасары полиция майоры Ерлан Куанышович Балымов үлгерімі төмен курсанттарға қысқы емтихан сессиясы қарсаңында оқу бойынша берешектерін жою қажеттігі туралы, сонымен қатар  сессия аяқталғаннан кейін курсанттар өндірістік практикадан өту үшін Полиция департаменттерінің аумақтық бөлімшелеріне жіберілетінін айтып өтті.