20.04.2022
2021 ж. 19 сәуірде институттың ғылыми-зерттеу орталығы «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, PhD докторы, полиция майоры Е.Балымов ашты.
Іс-шара ашық диалог және пікірталас жүйесінде өрбіді, оған ІІО аумақтық бөлімшелерінің (Қазақстанның барлық қалалары) кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Жиында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.
Жиынды қорытындылай келе, ұйымдастырушылар қатысушылармен бірге «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі. Теория және практика» зерттеудің іздену тақырыбына енгізілетін КТЖІ УПИ қызметін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.










