Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: құқықтық және психологиялық-педагогикалық аспектілер» атты халықаралық семинар

24.03.2022

Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қызметін құқықтық реттеудің мәселелері, алдын алудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, профилактиканың заманауи әдістері мен технологиялары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасын құқықтық ағарту және психологиялық-педагогикалық аспектілері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: құқықтық және психологиялық-педагогикалық аспектілер» тақырыбындағы халықаралық семинар шеңберінде талқылау тақырыбына айналды.

2022 жылдың 17 наурызында Уфа заң институтында семинар бейне-конференц-байланыс (телекөпір) режимінде өтті. Біздің институттың атынан қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Н.Т.Саханова «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың кейбір мәселелері» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Семинарға Ресей, Беларусь, Молдова, Башқұртстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан Республикасының ведомстволық және басқа да оқу орындарының басшы және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар жұмысы сындарлы диалог форматында өтті. Пікірсайыс барысында ең өзекті мәселелер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың нысандары мен әдістері, кәмелетке толмағандардың қылмыстық агрессиясының психологиялық аспектілері, желілік субмәдениеттердегі медиаконтенттің деструктивтілігі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс жүйесіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы талқыланды.

ҚҚҚПжК бастығы

полиция полковнигі                               Саханова Н. Т.