Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заңдылықты сақтау бойынша талаптарды меңгеру

10.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының қызметкерлері «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша маңызды қадам жасап, «Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заңдылықты сақтау бойынша талаптарды меңгеру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қызметінде заңдылық қағидаттарын бұлжытпай сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Дөңгелек үстелге ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері, ведомстволық оқу орындарының өкілдері, жас мамандар мен курсанттар, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының өзекті нормаларын, құқық қолдану практикасының жаңа тенденцияларын және қызметтік міндеттерді орындау кезінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың маңыздылығын талқылады.