Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ішкі істер органдары жаңа қызметкерлермен толықты.

31.05.2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң институтында ағымдағы жылдың 31 наурыз-31 мамыр аралығында алғашқы кәсіби даярлық курсында білім алған тыңдаушыларға салтанатты түрде оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттар табысталды.
Шарада жас полиция қызметкерлеріне институт басшылығы мен ардагерлер құттықтау тілектерін арнап, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, антқа сай еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысына белсене араласып, өз үлестерін қосатындығына сенім білдірді.

Білімді де білікті мамандар-мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі.