20.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» атты құқықтық форум өтті.
Ауқымды шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратурасы, әділет министрлігі, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ қатысты.
Шараның мақсаты қазақстандық қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін – жазалау шараларын, дағдарыс орталықтарының санын көбейту, құқықтық ұйымдар мен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуді нығайту туралы талқылау болды.










