Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Интернет технологиялары

16.04.2025

*Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы* А.А.Ыбраеваның «Интернет технологиялары» тақырыбындағы ашық тәжірибелік сағатында EMAZE сервисі арқылы 3D пішіндегі дайындалған таныстырылымы қатысушылардың назарын аударды. 102-оқу тобы POP3, IMAP және SMTP электронды поштаның үш негізгі хаттамаларының қызметімен ,хабарлама пішімімен танысты . Курсанттар *қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы* порталынан Батыс өңірі бойынша тіркелген қылмыс түрлерінің салыстырмалы көрсеткішінің гистограммасын кестелік редакторда тұрғызып, жеке электронды поштаға жөнелтуді меңгерді. Оқытушы жедел кері байланысты, тиімді бақылау мен басқаруды қамтамасыз етті және жаңа ақпартты ғылыми, қызықты, қолжетімді түрде ұсынды, Quizizz.com қосымшасында тақырыпты пысықтады.