Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Институттың үздік түлектері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың қолынан лейтенант атағын алды

6.07.2021

6 шілде – Елорда күніне орай әскери және құқық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының үздік түлектері алғашқы офицерлік атақтарын алу үшін еліміздің астанасына шақырылды. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары Зарина Забихова мен Жасұлан Өмірзақов 2021 жылғы үздік түлектер қатарынан болып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың қолынан лейтенант атағын алды.
Институт басшылығы мен жеке құрамы курсанттарды шын жүректен құттықтайды және еліміздегі құқықтық тәртіпті, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге лайықты үлес қосуда табыс тілейді.