Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Институтта оқу үрдісін нор мативтік-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы семинар

28.10.2021

2021 жылдың  22 қазанында институттың  Оқу-әдістемелік орталығы «Институтта оқу үрдісін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға институт бастығының м.а. полиция полковнигі А.Б.Байсұлтанов және факультеттер мен орталықтардың, кафедралардың бастықтары қатысты.

         Семинардың мақсаты институттағы оқу процесін ұйымдастыру және сапасын жақсарту бойынша әртүрлі көзқарастардан кең пікірлерді ашу арқылы  оқытуға байланысты түсініксіз және даулы мәселелерді талқылау және бір пікірге келу.

         Аталған семинарда кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов «Проблемы контроля и организации учебного процесса в институте» тақырыбында және Оқу-әдістемелік орталықтың бастығы полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк «Модернизация учебного процесса в институте: проблемы и пути их решения» тақырыптарына баяндама оқып, қатысушылар арасында мамандарды даярлаудың сапасын көтеру бағытында пікір алмасу болды. Полицияның сервистік модельге көшуіне байланысты профессорлық оқытушы құрамның осы бағытта біліктілігін арттыру, сонымен қатар, оқу процесінің сапасын жақсарту мақсатында бірқатар талаптар ұсынылды.