Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Институт тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында психолог мамандарын даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

13.10.2025

2025 жылғы 10–11 қазан аралығында Ақтөбе заң институтының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Қайнар Ерболат Ержанұлы Алматы қаласында Германияның Фридрих Эберт қоры ұйымдастырған «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушы агрессорлармен психолог мамандардың жұмыс жүргізуі» тақырыбындағы оқу курсына қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Институт ғылым, білім және біліктілікті арттыру саласындағы өзара ынтымақтастық жөнінде төртжақты меморандумға қол қойды. Құжатқа Фридрих Эберт атындағы Герман қоры, Германияның Ландау қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі интервенциялық орталық және Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы қол қойды.

Меморандум аясында 2025 жылғы 10–14 қараша аралығында Ақтөбе заң институтының базасында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының психолог мамандарына арналған біліктілікті арттырудың тәжірибелік курсы өткізіледі.

Сонымен қатар, 2026 жылғы ақпан айының соңында Фридрих Эберт қорының қолдауымен Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының Германияның Ландау қаласында 10 күндік шетелдік тағылымдамасы ұйымдастырылмақ. Тағылымдаманың бағыты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушы агрессорлармен психолог мамандардың жұмыс жүргізуі».