Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

11.01.2024

11.01.2024 жылы сағат 10.00-де ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі Қ.Ерланұлы 9-11 сынып (Ақтөбе қаласының №19 орта білім беру мектебі) оқушылармен (66 оқушы) ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына түсу туралы брошюралар, бейнероликтер мен презинтациялар көрсетумен кездесу өткізді.

Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.

Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.

Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.