Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ІМ ардагерлері күні

10.11.2025

Бүгін 10 қараша ІІМ ардагерлері күніне орай Ақтөбе заң институтында салтанатты іс-шара өтті. Алдымен институт басшылығы мен ардагерлері қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиында институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М. Алғожаев оқу ордасының іргетасын қалауға үлес қосқан ардагерлерді мерекемен құттықтап, жас ұрпақты патриотизмді рухына тәрбиелеуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді. Салтанатты шара институт курсанттарынан құралған өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.