10.04.2021
2021 жылдың 10 сәуірінде 3 курс курсанттарымен “Заңгер-психолог” ғылыми үйірмесі шеңберінде ІІО кәсіби-психологиялық дайындық және басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Т.Е. Бисеновамен “ІІО-дағы жанжалды диагностикалау, оны шешудің негізі ретінде” тақырыбында ғылым қызметкерлері күніне орай кезектен тыс онлайн отырыс өткізілді.
Сабақ жанжалдарды шешудің белсенді әдістерін, олардың пайда болу ерекшеліктерін, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіндегі дау-жанжалды алдын-алуға бағытталған. Өйткені, бұл саладағы қақтығыстарды шешудегі табыстар немесе сәтсіздіктер, белгілі бір жолмен, ішкі істер органдарының ұжымдарындағы істердің жағдайына, әлеуметтік-психологиялық климатқа және құқық қорғау саласындағы қызметке әсер етеді.
КПДжІІОБ кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Т.Е.Бисенова








