Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ІІО қызметкерлерінің БАҚ-мен, блогерлермен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау әдістемелері

25.05.2023

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор, полиция подполковнигі Кайнар Ерболат Ержанұлымен еліміздің әрбір өңірлерінен біліктіліктерін арттыруға келген участкілік полиция инспекторлары қызметкерлеріне жоспардан тыс ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың тақырыбы қоғамда өзекті мәселелердің біріне арналған «ІІО  қызметкерлерінің БАҚ-мен, блогерлермен және  азаматтармен өзара  қарым-қатынас  жасау  әдістемелері» атты тақырыпқа бағытталды. Сабақтың үрдісі тыңдаушыларға теориялық әдістемелерді тәжірибеде жүзеге асыруға бағытталған тренинг фарматында өткізілді.

Сабақ соңына дейін білім алушылар өз сұрақтарына толық жауаптар мен ұсыныстар алды. Аталған іс-шараға институтының профессор-оқытушылар құрамы оқытушының тәжірибесімен танысу үшін қатысты.

Біліктілікті арттыру және кадраларды
қайта даярлау факультеті