24.02.2024

Оқу процесіне жетекші ғалымдарды тарту – оқу процесінің тиімділігін арттыруда үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Осыған орай 2024 жылғы 23 ақпанда жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраева ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінде білім алып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері үшін қонақ дәрісін ұйымдастырды.
Қонақ дәрісін – Қазақстанға белгілі заңгер ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, https://farabi.university/ заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатовна «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын қалыптастырудың, құқықтық мәдениетін жетілдірудің құқықтық негізі және қағидалары» тақырыбында заң дайындығы модулі бойынша өткізді.
Дәрісті өткізудің мақсаты – құқықтық тәрбие деңгейі туралы толық ақпарат беру, жаңа Қазақстан құру жағдайында құқықтық мәдениетті зерделеу және құқықтық тәрбие арқылы өскелең ұрпақтың адами құндылықтары мен мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы, https://www.kaznu.kz/ru жас мамандарды құқықтық тәртіп талаптарын түсінуге және тануға баулу.
Дәріскер полицияда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа шеңберінде Конституциялық құқықтық сананы қалыптастырудың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық тәрбиесі мен құқықтық мәдениетін жетілдірудің ерекше рөлін егжей-тегжейлі түсіндірді. https://www.kaznu.kz
Тыңдаушылар дәріскерге тақырып аясында қызықтырған сұрақтарын қойып, Алуа Саламатовнаға ерекше алғыстарын білдірді.











