23.04.2024
2024 жылы 18 сәуір күні жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары А.С.Абилова, Р.Н.Джигитованың ұйымдастыруымен Тәжірибелік қызметкерлерді тарту кестесіне сәйкес «Заманауи кезеңдегі кадр қызметі жұмысын ұйымдастыру» біліктілігін арттыру курсының білім алушыларына 2024 жыл кадр сапасын жақсарту жылы болып жариялануына байланысты ІІО ардагері М.Оспанов атындағы БҚМУ «Қоғамдық гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы философия докторы PhD Исламов Марат Қайырханұлы және Ақтөбе ПД анықтау бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Суликанова Эльмира Жолдасовна қонақ дәрісін өткізуге шақырылды.
Сабақ барысында дәріскерлер полицейлердің кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, оларды азаматтардың құқығына құрметпен қарауға тәрбиелеу,сондай-ақ ІІО-да сапалы кадр ядросын қалыптастыруды және тәлімгерлік кеңесінің жұмысына қайта жаңдандыру туралы айтып өтті.
Полиция қызметкерлердің бәсекеге қабілетті болуын және кәсіби білікті маман қалыптастыруға осындай кездесудің берері мол.
ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова








