Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Department of ideological work

22.12.2022

Бөлімнің функциялары

Бөлім өз құзыреті шегінде және белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзіге асырады:

1. Қазақстан Республикасы АСД нұсқауларын орындайды;

2. Мәдениет мекемелерімен, шығармашылық одақтармен, діни конфессиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметкерлердің мәдени және рухани деңгейін арттыру, ішкі істер органдарының беделі мен абыройының өсуі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

3. Институттың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысады;

4. Институттың жеке құрамын көтермелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

5. Институтта ведомстволық білім беру саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады;

6. Имидждік жұмыстың сапасын арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен байланыс жасайды;

7. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің АСД-не есептер мен жедел мәліметтерді ұсынады.

Алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының ата-аналары оқу ордасында болып, институт базасымен танысты

 

Күзет басқармасы қызметкерлеріне экскурсия өткізілді


 

«Ауған ақиқаты» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кеші

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген салтанатты жиын

Халықаралық әйелдер күніне орай институт қызметкерлері арасында «Үлгілі келін-2023» байқауы

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы

Оқушыларға ашы есік күні өткізілді

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай АКДК тыңдаушылары арасында өткізілген «Бірлігіміз жарасқан» байқауы

7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шара

«Ұлы Жеңіске — мәңгі тағзым» патриоттық кеш 

Алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының арасында саптық ән байқауыұйымдастырылды

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Тастанбек Разақовтың тыңдаушылармен кездесуі

Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!” отбасылық эстафета сайысы

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні институт қызметкерлері мен тыңдаушылары Түйетөбе ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті

«Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыптарына шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау сәті

Жергілікті мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Мен — мемлекеттік қызметшімін!» облыстық тілдік іс-шарасы

23 маусым Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын

25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шара

Ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің құрылу құрметіне орай салтанатты жиын өтті

Музей

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын музейі – оқу орнымыздың мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беру орны. Бұл музей – ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады. Музей – білім ордамыздың бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және мәдениетінің басты көрсеткіші.             Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2005 жылы музейі құрылды, 2021 жылдың мамыр айында институттың 25 жылдығына орай музей жалпы ауданы 82,9 шаршы метрді құрайтын жаңа үй-жайға көшіріліп, толықтырылып ашылу салтанаты өткізілді. Музей өз қызметінде ішкі істер органдары тарихын, әр ұрпақ өкілінің қызметтегі және саптық өмір жылындағы келелі істерін, полицейлік қызметтік үлгілі дәстүрлерін насихаттайды. Музейдің негізгі қызметі: ІІО қызметкерлері мен тыңдаушыларын ерлікке тәрбиелеу, олардың жан дүниесіндегі патриоттық сананың жоғары болуын қадағалау, құқық қорғау органдарының іс-әрекетін нақты түрде тәлімдеу болып табылады.             Музейде оқу орнының құрылу тарихына, қылмыспен күресуде ерлік және батылдық көрсеткен қызметкерлер, түлектердің қызметте, спортта, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және құқығын қорғауда жеткен жетістіктері туралы экспозицияларға ерекше көңіл бөлінген.             Музейде әрдайым біздің оқу орнында қызмет атқарған ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесу өткізіліп, онда олар тыңдаушыларға өздерінің қызметтік өмір жолдарының қызғылықты, қилы  сәттері туралы айтып отырады. Осы орайда атап өтерлік жайт, ҚР ішкі істер министрлерінің институтқа келуімен, сондай-ақ ауған-жауынгерлеріне, өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлеріне, соның ішінде Ғ.Байтасовқа арналған, Ақтөбе өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова және Кеңес Одағының Батыры, Ішкі істер органдарының ардагері М. Бөкенбаевқа арналған стендтер бар.   Институтқа келген қонақтарға және студенттерге, мектеп оқушыларына міндетті түрде институт мұражайы көрсетіліп, оларға біздің оқу орнының құрылуы мен дамуы туралы баяндалады.   Сондай-ақ, оқу курсы басталарда тыңдаушыларға оқу орнымен танысуды мұражайдан бастай отыра, олардың таңдаған мамандығына адал болуына, Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту мақсатында ІІО ардагерлері мен аға әріптестерін мысалға келтіре жүріп, әңгіме өткізіледі.