Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Халықаралық балаларды қорғау күні

1.06.2025

“Заң мен тәртіп: балалар заң қорғауында” атты жанұялық эстафеталық жарысы 1 – маусым “Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне орай, институттың кадр жұмысы бөлімі, тәрбие жұмысы бөлімі және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен бүгін Институттың жеке құрамы арасында өткізілді. Аталған жарыс тартысты өтіп, үздіктер анықталып, жеңіске жеткен командаларды институт басшылығы мен ардагерлер құттықтап, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жарыс соңында балаларға балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылды.