Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АШУ ТАКТИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»

26.10.2023

2023 жылғы 26 қазанда Ақтөбе заң институты ғылыми зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің тапсырысы бойынша «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу және ашу тактикасы мен әдістемесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, прокуратура, сот және адвокатура қызметкерлері, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында осы құрамның қылмыстық құқық бұзушылықтарын ашу және тергеу тактикасы мен әдістемесінің ерекшеліктері туралы баяндамалар тыңдалды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің шетелдік тәжірибесі зерделенді.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, бастықтың орынбасары полиция подполковнигі Е. К. Балымов барлық қатысушыларға сындарлы диалог пен қызықты баяндамалар үшін алғысын білдіріп, дөңгелек үстел барысында әзірленген барлық ұсынымдар мен ұсыныстар ғылыми зерттеу нәтижелерінде көрініс табатынына сендірді.