Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

19.06.2025

2025 жылдың 19 маусымында «Заң мен тәртіп: Қазақстан Республикасының жолдарындағы апаттылықты төмендетудің өзекті мәселелері» тақырыбында  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы және судьясы, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аға прокуроры, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша полиция департаменттері өкілдері,  Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының төрағасы және адвокаттар, Ресей ІІМ Барнаул заң институты, Ресей ІІМ Белгород заң институтының кафедра басшылары және профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталығы (Павлодар қаласы),  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жетекші ғалымдары, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

Конференцияның мақсаты – заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген құқық бұзушылықтардың алдын алуға жедел ден қою ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жолдарындағы апаттылықты төмендетудің өзекті мәселелерін шешуге қатысу және талқылау, жол инфрақұрылымын жақсарту, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және инновациялық технологияларды енгізу, жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа әдістемелерінің тиімді жүйесін құру және іске асыру, қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, халықаралық тәжірибені қолдануды басшылыққа ала отырып, заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылды.