29.10.2021
Ағымдағы жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, офф-лайн және он-лайн форматтағы «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы з.ғ.к., полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсұлтанов, ҚР ІІМ ӘПК Төреғасының орынбасары полиция полковнигі Алексей Казимирович Милюк, және Ресей ІІМ Уфа заң институты бастығының орынбасары (ғылыми жұмыс бойынша), з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Алексей Юрьевич Терехов кіріспе сөзімен ашты. Конференция модераторы іс-шараның мақсаты мен міндеттерін, жұмыс бағытын, форматы мен тәртібін атап өтіп, институт базасында болған қонақтарды – «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары Қаныбек Сисенғалиұлы Жақсығалиевты, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК Оқу орталығы бастығының орынбасары, ф.ғ.к. әділет подполковнигі Елдос Жақсыбайұлы Сарбалаевты, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Амантұр Баянбекұлы Такешовты, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Нұрлыбек Сағынайұлы Сүйентаевты таныстырды.
Онлайн-оффлайн конференция барысында сервистік полицияға қызмет көрсетуді жақсарту тақырыптары бойынша Ресей ІІМ ведомстволық оқу орындарының да баяндамалары тыңдалып, слайдтар, бейнероликтер көрсетілді.












