Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Батырларды ұмытуға болмайды

10.05.2025

Институттың 1 курс курсанттары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса “Әлия” мюзиклін тамашалады.

Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ қызының табиғи болмысы көрінеді. Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым  батыр қыз бейнесіне өзгеше қасиет дарытқан. Жаңаша серпіліс туғызар мюзиклден курсанттар үлкен рухани әсер алды.